Еуропа одағы елдерінде мигранттар үшін орталықтар ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы елдерінде мигранттар үшін орталықтар ашылады

29.06.2018

Еуропа одағы мемлекеттерінде мигранттар үшін орталықтар ашылады. Мұндай келісімге одақ елдерінің басшылары Брюссельде өткен саммит нәтижесінде келді.

Аталған орталықтарда заңсыз және отанына қайтарылуы тиіс мигранттар анықталады. Сонымен қатар, бүгінгі келісімге сәйкес, Еуропаға кеткісі келетін адамдар үшін Алжир, Мысыр, Ливия, Марокко, Нигер, Тунис сияқты елдерде босқындарды сұрыптаудан өткізетін орталықтар да ашу көзделіп отыр.

Франция президентінің ойынша, осындай уағдаластыққа қол жеткізе отырып, саммитке қатысушылар еуропалық шешім қабылдады.  

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Біз - арал емеспіз. Сонымен қатар, біз өз құндылықтарымызға берік бола отырып, халықтарымыз бен бірлігімізді сақтап қана қоймай, одаққа төнген қауіпке де қарсы тұра білуіміз керек. Талайлар бұл келісімнің жасалатынына сенген жоқ, талайлар ұлтшылдар басым түседі деді. Бірақ, бүгін біз еуропалық шешім тауып, әрі қарай ынтымақтаса жұмыс істеуге уағдаласып отырмыз.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу