Грекияда мигранттарға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда мигранттарға қарсы шеру өтті

14.02.2020

Грекияның Эгей аралдарының тұрғындары мемлекет астанасына барып, мигранттар үшін жаңа орталықтар салмауды талап етті. Үкіметтің бұл туралы жоспары жақында жария болды. Демонстранттардың айтуынша, босқындар тым көп болғандықтан, аралдарда тәртіп бұзылып, тазалық сақталмайды. 

Алайда басшылықтың сөзінше, Лесбос, Самос аралдарындағы лагерлерге босқындар сыймай жатыр және оларда санитарлық жағдай тым нашарлағандықтан, жаңа орталықтар ауадай қажет болып отыр. 

Грекия соңғы жарты жылда 20 мыңдай мигрантты материкке көшірді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу