Ресей мен Түркия Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Түркия Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға келісті

06.03.2020

Ресей мен Түркия Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға келісті. Кремльде өткен екі ел президенттерінің кездесуі 6 сағатқа созылған. Ердоған мен Путин қабылдаған құжатқа сәйкес, Идлибтегі шабуылдар бүгін түнде тоқтайды. Сонымен қатар Сириядағы М4 күрежолының солтүстігі мен оңтүстігінде 6 шақырымдық қауіпсіз аймақ құрылмақ. Ал наурыздың 15-нен бастап, сол тасжолды Мәскеу мен Анкара бірлесіп бақылайды. Әрі екі ел президенттері Сирия дағдарысын реттеуді Астана процесінде жалғастыруға келісті.

Ал Сириядан бас сауғалап, Еуропаға ағылған мигранттар дағдарысы әлі шешілер емес. Осы күндері Түркия мен Грекия шекарасынан 32 мыңдай адам заңсыз өтпек болған. Полиция оларды көз жасаурататын газбен бөгеуге мәжбүр болды. Ресми Анкара, егер Еуропа Одағы босқындар мәселесін шешуге көмектеспесе, оған тағы да мигранттар қоя беретінін ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу