Еуропа одағы мемлекеттерінде мигранттар үшін жабық орталықтар ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы мемлекеттерінде мигранттар үшін жабық орталықтар ашылады

29.06.2018

Мұндай келісімге одақ елдерінің басшылары Брюссельде өткен саммит нәтижесінде келді.

Аталған орталықтарда заңсыз және отанына қайтарылуы тиіс мигранттар анықталады. Ал, Африкадан мыңдаған босқын кіретін Италия өзіне көмек көрсетілмесе, бұл мәмілеге вето жариялайтынын ескертті.

Әзірге мигрант қабылдайтын орталықтардың қай мемлекеттерде ашылатыны белгісіз.

Еуропа кеңесінің мәліметінше, Еуропа одағына заңсыз енетін мигранттар саны 2015 жылдан бері 96 пайызға кеміп кеткен.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу