Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили отставкаға кетті

14.06.2018

Ол мұндай шешімді үкіметке қарсы жаппай шерулер өтіп жатқанда қабылдап отыр. 50 жастағы Квирикашвили биліктегі партия лидері Бидзина Иванишвилимен келісе алмаған соң орнын босатқанын айтады. Бұған дейін елдің бас прокуроры да қызметімен қош айтысқан.

Грузияда мамырдың соңынан бері митингтер мен манифестациялар тоқтамай отыр. Оның басталуына былтыр желтоқсан айында Тбилис орталығында 16 жастағы екі оқушының өлтірілуі себепші. Демонстранттар сол қылмысты тергеуде билікті әділдікке шақырып қана қоймай, премьердің орнынан кетуін де талап еткен еді.

 

Арыстан РЫСБЕК          

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу