Исландия премьер-министрі отставкаға кетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландия премьер-министрі отставкаға кетті (ВИДЕО)

06.04.2016
Исландия премьер-министрі отставкаға кетті (ВИДЕО)

Исландия премьер-министрі отставкаға кетті. Сигмюндюр Давид Гюннлейгссонның жұбайымен бірге офшорлық компанияда қаражат жасырғаны белгілі болды.

Бұған дейін премьер отставкаға кетуге қарсы болып, ел президентінен парламентті таратып жіберуін сұраған. Дегенмен, тұрғындар шеруге шығып, ал, оппозиция үкімет басшысына сенімсіздік вотумын жариялайтынын мәлімдеген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу