Ливан премьер-министрі отставкаға кетуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливан премьер-министрі отставкаға кетуден бас тартты

06.12.2017

Ливан премьер-министрі Саад Харири шешімін өзгертіп, отставкаға кетуден бас тартты. Ол биыл қарашаның 4-і күні қызметтен кетемін деген мәлімдеме жасаған еді. Ел премьері таяуда Бейрутқа оралып, президент Мишель Аунмен кездескен. Бұдан кейін Харири отставкаға кетуін кейінге қалдыратынын мәлім етті. Сондай-ақ, ол көрші елдерден төнген қауіп-қатерден қорғау мақсатында ел бірлігін сақтау үшін барын салатынын айтып кетті. Харири тағы бір сөзінде аймақтағы жанжалдарға коалиция серігі «Хезболла» мен Иран елі айыпты деген пікірін білдірді. Сонымен бірге, ел премьер-министрі таяуда оған қастандық жасалғанын мәлім етіп, бірақ, оқиғаның егжей-тегжейін нақтыламады.

Хабарламаларға жазылу