Румынияда 50 мыңдай адам үкіметке қарсы шеруге шықты

05.11.2015
Румынияда 50 мыңдай адам үкіметке қарсы шеруге шықты
Премьер-Министр Виктор Понта сәрсенбі күні өз еркімен отставкаға кетті.

Апта бойы шерулетіп, соңында Румын үкіметін отставкаға жіберген топ, билікке жаңа талаптар қойып жатыр. Жүйені өзгерту, коррупцияны жою деген ескі ұрандарға енді үкіметті бұдан былай технократтар басқаруы қажет деген жаңа ұсыныстары айтылуда.

Премьер-Министр Виктор Понта сәрсенбі күні өз еркімен отставкаға кетті. Бірер сағат бұрын «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, елдің Білім министрі Сорин Кымпяну уақытша үкімет басшысы болып тағайындалды.

Жалпы, Бухарест пен елдің өзге де қалаларында өтіп жатқан наразылық акцияларына 50 мыңдай адам қатысып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу