Трамп: Енді ядролық қауіп төнбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп: Енді ядролық қауіп төнбейді

13.06.2018

Солтүстік Корея бұдан былай Америка Құрама Штаттарына ядролық қауіп төндірмейтін болды. Ал, Ким Чен Ынмен өткен кезесу - қызықты әрі жағымды тәжірибе және Солтүстік Кореяның болашаққа әлеуеті зор. Мұны Сингапурдан Вашингтонға қайтқан президент Дональд Трамп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, Ким мен Трамп арасындағы тарихи саммит кеше өтті. Сонда екі ел басшысы бір-бірін өз елдеріне шақырып, сол шақыртуды қабыл алды.

Ал, Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Трамп Оңтүстік Кореямен бірлесіп, әскери жаттығу өткізуді доғаруға және Пхеньянды санкциядан босатуға уәде берген. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Ким Чен Ын Сингапурда ядролық державаның басшысы тәрізді Трамппен тең тұрды және Американың Корей түбегіндегі соғыс ойындарын тоқтату мақсатына жетіп, саммиттен жеңімпаз болып оралды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу