Никарагуада шеру құрбандарының саны 139-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Никарагуада шеру құрбандарының саны 139-ға жетті

11.06.2018

Никарагуада үкіметке қарсы шерулер кезінде сәуірдің ортасынан бері 139 адам қаза тапты. 900-ға жуық адам жараланған. Бұл туралы «Никарагуаның адам құқықтары бойынша орталығы» мәлімдеді. Өткен жұма мен сенбідегі тәртіпсіздіктерден үш бірдей қалада 4 адам марқұм болған. Олардың арасында балалар бар.

Тұрғындар биліктің әлеуметтік сақтандыру реформасына қарсы. Олар президент Даниэль Ортеганың отставкаға кетуін, кезектен тыс сайлау өткізуді талап етіп жатыр. Оппозиция елді демократизациялау туралы ұсыныстарын енгізгенімен, әзірге үкімет бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу