Кабулде жарылыс құрбандарының саны 26-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде жарылыс құрбандарының саны 26-ға жетті

06.09.2018

Ауғанстан астанасы Кабулде болған екі жарылыс құрбандарының саны 26-ға жетті. Тағы 91 адам жараланған.

Марқұм болғандардың арасында Қазақстанда білім алған 28 жастағы журналист Саид Самим Фарамарз бар. Ол Алматыда Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 2011 жылдан 2015 жылға дейін оқып, кейін еліне оралған. Кабулде Самим ең ірі Tolo News телеарнасында жұмыс істеді. Қазақ тілін және әлемнің 7 тілін жетік меңгерген. 

Онымен бірге жарылыста осы арнаның операторы да оққа ұшқан. Олар бірінші жарылыс туралы хабар таратуға барған кезде екінші жарылыстан қаза тапты.

Бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосты. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, шабуыл оқиға болған жерге барған журналистер мен полиция қызметкерлеріне қарсы бағытталған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу