Вьетнамда тайфун құрбандарының саны 49-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда тайфун құрбандарының саны 49-ға жетті

06.11.2017

Вьетнамда «Дамри» тайфунынан 49 адам қаза тауып, 27 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Дауыл елдің орталық бөлігіне соққы берген. Табиғи апаттан 2 мыңдай баспана қирап, 80 мыңнан астам ғимаратқа зақым келді.

Қалаларда тасқын мен жолдардың бұзылуынан көлік қатынасы қиындады. Сонымен қатар, көптеген елді мекендер электр жарығынсыз қалып, сыртпен байланысты үзген. 40 мың гектардай ауылшаруашылық алқабын су шайған. 

Тайфун кезінде Вьетнамда Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының саммиті өтіп жатыр. Оның өту кестесі өзгермеген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу