Испанияның жаңа үкіметіндегі 17 министрдің 11-і – әйел
Испанияның жаңа үкіметіндегі 17 министрлік портфельдің 11-і әйелдерге бұйырды. Олар қорғаныс, экономика, қаржы, білім, ғылым, еңбек, энергетика және қоршаған ортаны қорғау тәрізді министрліктерге басшылық етеді.
Ал, жақында отставкаға жіберілген Мариано Рахойдың кабинетінде керісінше, ерлер көп еді.
Премьер-министр Педро Санчес билікке маусымның 1-де келіп, бүгін король Фелипенің алдында ант берді. Қазір Санчес басқаратын Социалистік партия парламенттегі 350 орынның 85-ін иеленіп отыр.
Айта кетсек, биыл наурыздың 8-де бұл мемлекетте 5 миллиондай әйел шеруге шығып, жалақы теңсіздігі мен гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсылық білдірген еді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы