Түркияның жағалау күзеті Эгей теңізінен 84 мигрантты құрлыққа жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның жағалау күзеті Эгей теңізінен 84 мигрантты құрлыққа жеткізді

06.06.2018

Олар екі бөлек операция кезінде құтқарылған. Қайықтарға мінген 37 сириялық және 6 ауған азаматы заңсыз түрде Грекияға бармақ болғаны анықталды. Олар елдеріне қайтарылуы мүмкін.

2016 жылы Түркия Еуропаға қашқан мигранттар ағымын азайтуға келісті. Сол үшін ЕуроОдақ Анкараға миллиардтаған доллар көмек беруге және түрік азаматтарына виза талаптарын жеңілдетуге тиіс. Айта кетсек, басқа елдерге қарағанда, Түркияда тұрып жатқан мигранттардың саны көп. Бұл елден 3 миллионға жуық сириялық пен 300 мыңдай ирактық пана тапқан.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу