Триполи жағалауында 75 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Триполи жағалауында 75 мигрант құтқарылды

12.10.2017

Олар мінген қайықтың батып бара жатқанын байқап қалған жағалау күзеті  дереу көмекке жеткен. Африкалық босқындардың 52-сі ер адам, 19-ы әйел мен бала. Олар резеңке қайыққа мініп, қауіпті теңіз жолы арқылы Еуропаға жетпек болған.

Соңғы кездері, Жерорта теңізінен мигранттардың құтқарылуы жиі болып кетті. Оларды құтқарып жүрген Ливия жағалау қызметін  Италия мен Еуропалық Одақ мамандары жаттықтырып, кемелер және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу