Қытайда құйын ағаштарды құлатып, шатырларды ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда құйын ағаштарды құлатып, шатырларды ұшырды

23.05.2018

Қытайдың оңтүстігінде алапат құйын көтерілді. Торнадо ағаштарды тамырымен жұлып, үйлердің шатырларын ұшырған. Құтқарушылардың мәліметінше, дүлей дауыл кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен, оның екпінінен ағаштардың көкке көтерілуі үрей тудырды.

Елдің метеорологиялық қызметі торнадо туралы тұрғындарға алдын ала ескертіп үлгермеді. Сондықтан, оның соққысы көпшілік үшін күтпеген оқиға болды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу