АҚШ-тың Индиана штатына торнадо соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Индиана штатына торнадо соққы берді

24.06.2019

Дүлей дауыл ғимараттарды зақымдап, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер туралы дерек түскен жоқ.

Құйын ағаштарды жұлып, сымдарды үзді. Соның салдарынан, мыңдаған тұрғын электр жарығынсыз қалған. Сонымен қатар, полиция Саут-Бенд қаласында бірнеше жолдың жабылғанын хабарлады.

Индиана штаты қазір сұрапыл дауылдар маусымынан зардап шегіп отыр. Бір апта бұрын оған 9 торнадо соққы берген. Ал, жергілікті метеорологиялық қызмет табиғи апат әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу