Пәкістанның Карачи қаласында күн 44 градуске дейін ысыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Карачи қаласында күн 44 градуске дейін ысыды

21.05.2018

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында күн шыжып тұр. Сынап бағанасы 44 градуске дейін көтерілген. Мұндай жағдай Рамазан айында жергілікті тұрғындар үшін оңайға соқпауы мүмкін. Кейбіреулер аптап ыстықтан қорғану үшін бастарына су құйып, өзен-көлдердің  жағасына баруға мәжбүр.

Ауа райы мамандарының сөзінше, шектен тыс көтерілген температура апта соңына дейін төмендеуі мүмкін. Ал, 2015 жылы дәл осы Карачиде ыстықтан мыңнан астам адам қаза тапқан еді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу