Пәкістанда улы газдан 6 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда улы газдан 6 адам қайтыс болды

17.02.2020

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында улы газ тарап, 6 адам қайтыс болды. Тағы 50 шақтысы ауруханада жатыр. Күтпеген жағдайдан үрейленген халық тыныс алу мүмкін емес деп, маска тағып жүруге мәжбүр.

Оқиға теңіз портына жақын ауданда түнде болды. Тұрғындардың айтуынша, қауіпті газ жағалаудағы кемелердің бірінен тараған. Оның бортында көкөністерді сақтау үшін қолданылатын химиялық заттар болса керек. Дегенмен жергілікті билік тұраққа ондай су көлігінің келмегенін айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. 

Қазір газдың қайдан жеткені анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу