Пәкістанның Карачи қаласында ыстықтан 65 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Карачи қаласында ыстықтан 65 адам қаза тапты

22.05.2018

Пәкістанның Карачи қаласында аптап ыстықтан 65 адам қаза тапты. Елдегі әлеуметтік ұйымдар «ауа температурасы жоғарылаған сайын, құрбандардың саны да артуы мүмкін», - дейді. Мұнда сынап бағанасы 44, кей жерлерде 50 градусқа дейін көтерілген. Күннің шыжуы әсіресе, жүрек ауруы бар адамдарға салмақ түсіреді. Бұған қоса, аптап ыстықтың Рамазан айында жергілікті тұрғындар үшін оңайға соқпауы мүмкін.

Шектен тыс жоғары температура апта соңына дейін сақталады. Осыдан үш жыл бұрын Карачиде осындай ауа райынан 1300 адам қаза тапқан еді.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу