85 үндістандық балықшы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

85 үндістандық балықшы ұсталды

06.03.2017
Пәкістанның теңіз қауіпсіздігі өкілдері елдің аумақтық суларын кесіп өтті деген айыппен 85 үнділік балықшыны ұстады. Олардың 14 қайығы тәркіленген. Балықшылар, Карачи қаласындағы полиция бөлімшесіне апарылды.

Айта кету керек, Үндістан мен Пәкістанның мұхиттағы шекарасы анық көрінбейді. Сол себепті, балықшылар бір-бірінің аумағына байқамай жиі өтіп кетеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу