Қытайда жекеменшік компания жасаған зымыран ұшырылды
Қытайда алғаш рет жекеменшік компания жасаған зымыран ұшырылды. Ол «БірҒарыш» деп аталады. Мұны елдің Орталық телеарнасы хабарлап отыр.
Ракетаны коммерциялық кәсіпорын толықтай өзі құрастырған. Ол елдің солтүстік-батысындағы алаңнан көкке самғады.
«БірҒарыш» 2015 жылы құрылды. Оны кейде Илон Масктің «SpaceX» компаниясымен салыстырады.
Дегенмен, Гонконг ғылым және технология университетінің зерттеушісі Синь Чжанның ойынша, қытайлық фирма бұл зымыранды небәрі 78 миллион долларға үш жылда өз жасап шығарды дегенге сену қиын. «Миллиардтаған долларлық сала мұндай процеске кемінде 10 жыл жұмсар еді», - дейді профессор Чжан.
Арыстан РЫСБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» жобасына ауылдықтар да белсене қатысып жатыр
28.10.2026, 10:10
Меркі ауылының тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 10:08
Волонтерлар Арал теңізінің табанына 2 мың түп сексеуіл көшетін екті
28.10.2026, 10:07
Қоқыс төккен тұрғынды дрон арқылы анықтады
28.10.2026, 10:06
АҚШ Иранмен соғысқа 47 млрд доллардан аса қаржы жұмсаған
28.10.2026, 10:04
Биыл мамандық таңдауға көмектесетін цифрлық платформаны 35 мыңға жуық оқушы қолданған
28.10.2026, 10:03
Еліміз «Білім беру» көрсеткіші бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда көш бастап тұр
28.10.2026, 10:01
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
28.10.2026, 10:00