Өзбекстан әскери ынтымақтастыққа мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан әскери ынтымақтастыққа мүдделі

18.05.2018

Өзбекстан АҚШ-пен әскери-техникалық және қорғаныс саласында ынтымақтасуға мүдделі. Мұны президент Шавкат Мирзиёев Вашингтонға сапарында мәлімдеді. Ал, Құрама Штаттардың қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Ташкентті Американың Орталық Азия аймағындағы маңызды стратегиялық серіктесі деп атаған.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, «Мирзиёевтің алғашқы тарихи сапары және оның президент Дональд Трамппен кездесуі АҚШ пен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуірін бастады». Ал, Трамптың сөзінше, Ташкент Құрама Штаттардан әскери техника сатып алу жөнінде Вашингтонмен келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетсек, Мирзиёев экстремизммен күресуші және жұмыс орындарын құра алмаған экономиканы реформалаушы ретінде көпшілікке танылып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу