Әлихан Смайлов: Қазақстан Халықаралық валюта қорымен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайлов: Қазақстан Халықаралық валюта қорымен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды

02.06.2022

Қазақстан Халықаралық валюта қорымен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайлов ұйым миссиясының өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. Биыл Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастыққа 30 жыл толып отыр. Халықаралық валюта қоры отандық экономика үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп келеді. Жаңа реформаларды іске асыру аясында бұл аса маңызды деді Премьер. Әлихан Смайылов экономиканы декарбонизациялау, көміртекті азайту және фискалдық саясаттың тиімді тетіктерін енгізу бойынша озық халықаралық тәжірибеге мүдделі екенін айтты. Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше ынтымақтастықтың көптеген бағыттары бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Кездесуге қатысушылар макроэкономикалық саясаттың басым бағыттары мен құрылымдық реформалар бойынша ұсынымдарды, Қазақстан Үкіметінің көміртек салдарын азайту жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ өзара іс-қимылдардың алдағы кезеңдерін талқылады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу