Қазақ-өзбек бизнесі әріптестікті арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек бизнесі әріптестікті арттырады

22.06.2018

Өзбекстан қазақстандық кәсіпкерлермен жұмыс істеуге мүдделі. Бүгін Өзбекстан елішілігінде қазақтандық кәсіпкерлерге арналған шара өтті. Оған Өзбекстан президенті жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл арнайы келген. Ол өз еліндегі  соңғы экономикалық  реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ, инвестициялық климат пен кіші кәсіпкерлікке жасалып жатқан мүмкіндіктерді түсіндірді. 

Атап айтсақ, жеңілдетілген салықтық режим мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы жайлы ақпарат берді. Қазақстан тарапы да екі ел арасындағы кәсіпкерлікті кеңейтуге мүдделі. Алдағы уақытта  қазақстандық бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов та Өзбекстанға барып, біздің елдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырмақ.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу