АҚШ-тың Техас-Сити қаласында мұнай өндеу зауыты отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Техас-Сити қаласында мұнай өндеу зауыты отқа оранды

20.04.2018

АҚШ-тың Техас штатындағы Техас-Сити қаласында «Valero» компаниясына тиесілі мұнай өндеу зауыты отқа оранды. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі компания өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Өрт жергілікті уақытпен сағат кешкі бестерде шыққан. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ал, тілсіз жау ауыздықталғанша тұрғындарға қауіпсіз қашықтыққа кетуге кеңес берілді. Оттың тұтану себебі әзірге белгісіз.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу