Түркістан қаласында газ баллонын тиеген жүк көлігі жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласында газ баллонын тиеген жүк көлігі жарылды

10.09.2019

Түркістан қаласында газ баллонын тиеген жүк көлігі жарылды. Оқыс оқиға кешкі сағат алтының шамасында Саттарханов көшесінде орналасқан қонақ үйдің ауласында болған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық қонақүйдің төбесін жалын шарпып, шамамен 1400 шаршы метр аумақ отқа оранды. Өрт ауыздықталды. Күйік шалған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.


Хабарламаларға жазылу