Шорт-тректен Қазақстан күміс жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-тректен Қазақстан күміс жүлдегер атанды

31.10.2022

Канаданың Монреаль қаласында өткен шорт-тректен әлем кубогі үшін өткен жарыста Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды. Жерлестер финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсіп, 5 мың метрге эстафеталық сайыста екінші орын алды. Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Әлем кубогінің келесі кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.

Хабарламаларға жазылу