Венгриядағы парламенттік сайлауда премьер-министрдің партиясы озып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венгриядағы парламенттік сайлауда премьер-министрдің партиясы озып келеді

09.04.2018

Венгриядағы парламенттік сайлауда қазіргі премьер-министр Виктор Орбанның билеуші коалициясы озып келеді. Осы кезге дейін дауыстардың 95 пайызы саналды. Сайлаушылардың 48,64 пайызы «Фидес» және Христиан-демократиялық ұлттық партиясы кіретін коалицияны қолдапты. Сөйтіп, оған парламенттегі 199 депутаттық мандаттың 133-і бұйырып отыр.

Екінші орында 20 пайыз дауысқа ие болған әсіреоңшыл «Йоббик» партиясы, ал, үшінші орында социалистер.

Виктор Орбан Венгрияның министрлер кабинетін алғаш рет 1998 жылы басқарып, осы қызметті бір мерзім атқарды. Ал, 2010 жылы ол қайта премьер-министр болды. Осы жолғы жеңіс оған үкіметті төртінші рет басқаруға мүмкіндік береді.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу