Эстонияда Украинаға жақтас партия жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстонияда Украинаға жақтас партия жеңіске жетті

06.03.2023

Эстонияда өткен парламенттік сайлауда премьер-министр Кайа Калластың «Реформа» партиясы басымдықпен жеңіске жетті. Бұл саяси қозғалыс Еуропада Украинаға жақтас ұстанымымен аса танымал.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, бюллетеньдердің 98 пайызы саналып бітті. Оның қорытындысына қарағанда, Калластың либералдар блогына электораттың 31 пайызы дауыс берген. Ал әсіре оңшылдарды қолдағандар 16 пайыздан әрең асты.

Егер 45 жастағы Каллас өміршең коалициялық үкімет құра алса, онда Балтық Республикасының еуропашыл бағытын нықтай түседі. Және де 1,3 миллион халқы бар Эстония жасыл энергияға көшу позициясын сақтап, украиналық босқындарды қабылдауды әрі қарай жалғастырады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу