Молдовада өткен парламенттік сайлауда Социалистер партиясы алда келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Молдовада өткен парламенттік сайлауда Социалистер партиясы алда келеді

25.02.2019

Бюллетендердің 25 пайызы саналып болды. Оның қорытындысына қарағанда, социалистер 30 пайыздан астам дауыс жинаған. Екінші орында 29,60 пайызбен Молдова демократиялық партиясы тұр. Үшінші орын Оргеев қаласының мэрі, бизнесмен Илан Шордың партиясына бұйырды. Ол 20,8 пайыз жинаған.

Социалистерге Ресеймен байланысты күшейтуге жақтас президент Игорь Додон жетекшілік етеді. Ал, елді Еуропа одағына қосуды мақсат тұтқан демократиялық партия Молдованың ең бай адамы - Владимир Плахатнюктің бақылауында. Сайлауда басты бәсеке осы екі партия арасында байқалып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу