Ангела Меркельдің канцлер ретіндегі өкілеттігі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ангела Меркельдің канцлер ретіндегі өкілеттігі аяқталды

27.10.2021

Ангела Меркель Германия канцлері ретіндегі өкілеттігінің аяқталуы туралы ресми хабарлама алды. Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырды. 16 жыл бойы канцлер болған Меркель жаңа министрлер кабинеті құрылғанша канцлер міндетін атқарушы болады. Ал Меркельдің орнына Социал-демократиялық партияның лидері Олаф Шольц келеді деп күтіліп отыр. Оның партиясы қыркүйекте өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Шольц Рождество мерекесіне дейін жаңа коалициялық үкіметті құру туралы мәміле жасаудан үмітті. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу