Жазушы Қоғабай Сәрсекеев дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Қоғабай Сәрсекеев дүниеден озды

17.11.2014
Жазушы Қоғабай Сәрсекеев дүниеден озды

75 жасқа қараған шағында жазушы, публицист, қоғам қайраткері Қоғабай Сәрсекеев дүниеден озды.

Ол 1939 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген.

«Кілт», «Қараша қаздар», «Қызыл жалау» және басқа кітаптардың авторы.

Бірнеше жыл «Ұлан», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің жауапты қызметтерінде болды.

Өмірінің соңына дейін «Қазақ» газетін қайта шығарып, оның кең таралуына, мазмұнды болуына барын салды.

Хабарламаларға жазылу