Әдебиетші-ғалым Тұрсынбек Кәкішев өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдебиетші-ғалым Тұрсынбек Кәкішев өмірден өтті

07.09.2015
Әдебиетші-ғалым Тұрсынбек Кәкішев өмірден өтті

Бірінші болып Қазақ әдебиеті сынының теориясын негіздеген сыншы-ғалым, сәкентанушы, жазушы Тұрсынбек Кәкішев 89 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Сәкен туралы «Қызыл сұңқар», «Сәкен және Гүлбаһрам», «Сәкеннің соты», «Мағжан және Сәкен», «Сәкен аялаған арулар» сынды көптеген кітап жазды.

Сын садағын да тура тартып «Сын сапары», «Оңаша отау», «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» атты монографиялық мұралар қалдырған. 

Хабарламаларға жазылу