Қазақ футболының аңызы дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ футболының аңызы дүниеден өтті

12.07.2023

Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты спорт ардагерінің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сейілда Икрамұлы «Қайрат» футбол командасының сапында көп жылдар бойы өнер көрсетіп, жасындай жарқыраған еді. Білікті бапкер ретінде жастарды жеңіске жетудің қыр-сырына үйретіп, елімізде осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосты. Өмірде адал еңбек етіп, өшпес із қалдырған Сейілда Икрамұлының есімі мен бейнесі мәңгі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта. Сейілда Байшақов КСРО және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу