Чехияда демократия жақтастары шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда демократия жақтастары шеруге шықты

27.02.2018

Прагада жүздеген адам демократияны, бостандықты, еркін кәсіпкерлікті қолдап, Вацлавская алаңында шеру ұйымдастырды. Халықтың жиналуына «Жеңісті ақпанның» 70 жылдығы себепші. Айта кетсек, 1948 жылы коммунистер Чехословакияны басып алып, 40 жылға тоталитарлық режим орнатқаны белгілі.

Шерушілердің ойынша, билікті большевиктар қайта басып алуы ғажап емес. Өйткені, таяуда парламенттік сайлауда жеңіске жеткен миллиардер Андрей Бабиштың АНO партиясы күннен-күнге күшейіп, жаңа министрлер кабинетін құруға кірісіп кеткен. Наразы жұрттың пікірінше, бұл партия коммунистік көзқараста.

Соңғы деректер бойынша, наразылық акциясына 20-дан астам ұйымның мүшелері қатысқан. Демонстранттардың көбі көшеге антикоммунистік ұрандар айтып, транспаранттар көтеріп шықты.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу