Басты Жаңалықтар Венесуэлада мұнай-криптовалютасынан бюджетке 735 миллион доллар түсті

Венесуэлада мұнай-криптовалютасынан бюджетке 735 миллион доллар түсті

Венесуэлада мұнай-криптовалютасын сатудан бірінші күні-ақ бюджетке 735 миллион доллар түсті. Бұл турасында президент Николас Мадуро мәлімдеді. Билік өкілдерінің сөзіне қарағанда «El Petro» криптовалютасының саудасы елді қаржы дағдарысынан шығару үшін қажет. Осылайша, Венесуэла әлем бойынша өз электрондық ақшасы бар алғашқы мемлекетке айналып отыр.

Мұндай сауданы арттыру үшін Мадуро Катар, Түркия және өзге де Таяу Шығыс елдердің инвесторларына үміт артып отыр.

Жоспар бойынша, келешекте «Петро» криптовалютасын жай ақшаға айырбастауға немесе тауарға алмастыруға мүмкін болады.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу