Парижде қалың қар жауып, көктайғақ орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде қалың қар жауып, көктайғақ орнады

08.02.2018

Франция астанасында күн суытып, қалың қар жауды. Жолдарда көктайғақ орнады. Осыған орай Париждің Иль-де-Франс өңірінде 700 шақырымға созылған көлік кептелісі түзілді. Қалада қоғамдық көлік қатынасы, оның ішінде мектеп автобустарының қозғалысы тоқтатылды. Темір жол қатынасында да ауытқулар болатыны ескертілген. Қыстың ызғарынан, әсіресе, үйсіз жандар зардап шегіп отыр. Билік шұғыл шаралар қабылдап, үйсіздерді қабылдау орталығынан оларға арнап жаңа орындар санын көбейтті. Дегенмен, мұның өзі жеткіліксіз болып отыр. Ауа райы мамандарының мәліметінше, Париждегі қолайсыз ауа райы сенбіге дейін жалғасады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу