Алматыға қалың қар жауып, күн күрт суытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыға қалың қар жауып, күн күрт суытты

18.11.2021

Алматыға қалың қар жауып, күн күрт суытты. Соның салдарынан жерге мұз қатып, көктайғақ болды. Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының хабарлауынша, шаһар көшелеріне көктайғаққа қарсы 2100 тонна құм себілді. Қар тазалау жұмыстарына 500-ден аса техника мен мың жарымға жуық адам жұмылдырылған. Жаяу жүргіншілер аймағы, аялдамалар мен қоғамдық орындардың алдына тазалау жұмыстары жүргізілді. Кеше 21:00-ден бастап қаладан 230 текше метр қар шығарылды. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, бүгін де тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.



Хабарламаларға жазылу