Кабулде әскери академияға жасалған шабуылдан 11 жауынгер қаза тапты
Бүгін Кабулде әскери академияға шабуыл жасалып, 11 сарбаз қаза тапты. 15 жауынгер түрлі деңгейде жараланған. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, бұл қастандықты «ДАИШ» тобы ұйымдастырды.
Ал, осыдан екі күн бұрын Кабулде жанкештілер екі жедел жәрдем көлігін жарып, 103-тен астам адамды мерт қылды. Сол шабуылдардан жараланғандар саны 235-ке жуықтап отыр. Бомбалар Ішкі істер министрлігі мен Еуропалық одақ өкілдігі кеңселерінің маңында іске қосылған. Ол жарылыстар үшін жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды.
Айта кетсек, тәліптер көп жылдан бері Батысқа сүйенген үкіметті құлатып, елден НАТО мен АҚШ әскерін шығаруға күш салып келеді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18