Францияда балықшылар ереуіл ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда балықшылар ереуіл ұйымдастырды

26.01.2018

Францияның Кале және Булонь порттары балықшылардың наразылық шарасына байланысты уақытша жабылды. Демонстранттар кемежайлар маңында резеңке дөңгелектерді жағып, барлық жолдарға тосқауыл қойды. Осыған орай Кале мен британдық Дувр арасындағы жүк кемелер тасымалы тежеліп, көптеген компания шығынға батты. Балықшылар Нидерландының электрлендірілген торлар арқылы балықты аулайтын компанияларға қарсылық білдіріп жатыр.

Айта кету керек, Кале Ұлыбритания мен Францияны байланыстыратын басты порт болып есептеледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін кемежайда күнде мыңдаған турист пен жүк кемелері өтеді. 

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу