Францияда пойыздардың 2/3 бөлігі тоқтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда пойыздардың 2/3 бөлігі тоқтап қалды

13.04.2018

Францияда теміржолшылардың ереуілі басталғалы осымен үшінші мәрте пойыз қатынасы тоқтады. Альпі және Француз Ривьерасы арасында ұзақ қашықтықтарға қызмет көрсететін Париждің Лион вокзалында тек бірен-саран пойыз ғана қатынап жүр. Дегенмен, бұл жолғы ереуіл кезінде станцияларда алғашқы күндердегідей қарбаластық байқалмайды. Жолаушылардың көбі билеттерін тапсырып, кейбіреуілері саяхаттау жоспарын өзгертуге мәжбүр. Теміржолшылардың наразылық акциясы жазға дейін жалғаспақ. Сала қызметкерлері президент Макронның темір жол транспортын реформалау туралы бастамасына наразы. Ереуілшілер оның салдарынан ұлттық компания жекешелендірілсе, жұмыстан қысқартулар болуы мүмкін деп қауіптенеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу