Францияның бірнеше қаласында  студенттер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның бірнеше қаласында  студенттер шеруге шықты

06.04.2018

Францияның  бірнеше қаласында студенттер наразылық акциясын өткізіп жатыр. Олар мемлекеттік жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесін реформалауға наразы. Өз талаптарына биліктің назарын аудару үшін жастар университеттер мен кабинеттерге кіретін жолды бөгеп тастаған. Жалпы алғанда, мұндай шерулер елдің 10 қаласына ұласқан. Білім министрлігі болса,  наразылық акциялары әсіре солшыл және оңшыл топтардың идеологиясының ықпалымен өтіп отыр деп мәлімдеді. Айта кетсек, Францияда түрлі сала қызметкерлерінің жаппай ереуіл, шерулері жалғасып жатыр. Оған қатысушылар үкіметке өз талаптарын айтып, жаңа реформалармен келіспейтіндерін білдірді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу