Мұнай бағасы 35 доллардан жоғарылады

04.02.2016
Мұнай бағасы 35 доллардан жоғарылады
Лондон биржасында оның «Брент» маркасының бір баррелі 7 пайыздан астам өсіп, 35,04 долларға саудаланып жатыр.

Әлемде мұнай бағасы 35 доллардан жоғарылады. Лондон биржасында оның «Брент» маркасының бір баррелі 7 пайыздан астам өсіп, 35,04 долларға саудаланып жатыр. Ал, «Ви-Ти-Ай» құны - 32,34 доллар.

Ол 8,22 пайызға қымбаттады. Бұған доллардың әлсіреуі, экспорттаушы елдер арасында өндірісті қысқарту туралы келіссөздер өтуі мүмкін деген мәліметтер әсер етіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу