Елде жүк тасымалдау қызметі қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде жүк тасымалдау қызметі қымбаттады

19.09.2022

Елде жүк тасымалдау қызметі қымбаттады. Жауапты министрлік өкілдері бұған әлемде көмірсутекке сұраныстың артуы себеп болғаны айтады. Соның салдарынан мұнай-газ бағасы да өскен. Көлік қызметтерінің қымбаттауы доллар бағамының өсуі де әсер еткен. Ресей мен Украина арасындағы жағдай қалыпты тасымалды айтарлықтай өзгертіп жіберді. Санкциялар мен шетелдік өндірушілердің Ресейден кетуі де логистикалық қызмет құнына әсер етпей қоймады. Қазір Транскаспий халықаралық бағытына сұраныс жоғары. Алдағы уақытта мамандар Ақтау порты арқылы да Иранға және кері қарай жүк тасымалын арттыруды көздеп отыр.

Хабарламаларға жазылу