Басты Жаңалықтар Гимнастика құрамасының дәрігері сотталды

Гимнастика құрамасының дәрігері сотталды

Американың гимнастика құрамасының бұрынғы дәрігері спортшы қыздарға өрескел әрекеттер жасағаны үшін 175 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ларри Нассараға 150-ге жуық әйел дәмешілдік жасады деп шағымданған. Бұған дейін ол балалардың бейәдеп суреттерін сақтағаны үшін 60 жылға қамалған болатын. Алайда, болжамдарға қарағанда, егер қорғаушы жақ қажетті дәйектер келтірсе, оның қылмысын өтеу мерзімі 40 жылға дейін шегерілуі мүмкін. Сот шешімі бойынша, Нассара барлық қылмыстық әрекетін алдын ала ойлап, әдейі жоспарлаған.

Айта кетсек, Ларри Нассара АҚШ құрамасында 20 жыл бойы қызмет етіп келген. Спортшылардан түскен алғашқы шағым 2016 жылы қыркүйек айында болды. Одан зардап шеккендердің қатарында Олимпиада чемпиондары да бар.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу