Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан 6 адам қаза тапты

26.06.2014
Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан 6 адам қаза тапты
Оңтүстік Қазақстанда жол апаты болып, алты адам қаза тапты. Ақпарат агенттіктерінің мәліметі бойынша, Леңгір қаласына барар жолда «LADA Priora» автөкөлігі мен «Mercedes-Benz» маркалы жеңіл көлік соқтығысқан.
 
Куәгерлердің айтуынша, ресейлік нөмерлі автокөлік қарама-қарсы бетке шығып кеткен. «LADA» көлігінің сау-тамтығы қалмаған. Оқиға себептері анықталуда.

Хабарламаларға жазылу