Түркияның шығысында болған жол-көлік апатынан 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның шығысында болған жол-көлік апатынан 17 адам қаза тапты

30.03.2018

Түркияның шығысында болған жол-көлік апатынан 17 адам тірідей жанып кетті. 36 адам жараланған. Олар ауруханада жатыр. Қаза тапқандар - Ауғанстан, Пәкістан және Ираннан барған мигранттар. Олар мінген шағын автобус жолдағы шам бағанасына соқтығысқанда, дереу өртке оранған. Көлік жүргізушісінің неліктен рөлді басқара алмай қалғаны белгісіз.

Бұған қоса, 14 адамға шақталған автобуста 50 жолаушы болған екен. Олардың барлығы да шетел азаматтары. Тағы бір мәліметке сай, осы шағын автобустың артынан жүйіткіп келе жатқан жүк көлігі өртке оранған автобустан түсіп жатқан адамдарды қағып өткен. Жүк көлігінде болған 13 адам мен оның жүргізушісі ұсталды.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу