Германияда мектеп автобусы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда мектеп автобусы апатқа ұшырады

16.01.2018

Бүгін Германияда мектеп автобусы бірнеше автомобильмен қақтығысып, ғимаратқа соқты. Апаттан 48 адам жараланды. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр. Зардап шеккендердің 43-і – оқушы.

Оқиға бүгін Манхейм қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Эбербах елді мекенінде болды. «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, үйге соғыларда автобустың тежегіші істемей қалған. Тергеу жүріп жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу