Қытайда көктайғақтан 227 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда көктайғақтан 227 адам жараланды

05.01.2018

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында көктайғақтан бір күннің ішінде 227 адам жараланды. Қар аралас жаңбырдан жолдарды мұз басып, көлік қатынасы қиындап, апаттық жағдайлар көбейіп кетті.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, елдің Нанкин қаласында жедел жәрдем қызметін 700-ден астам адам шақырған екен. Соңғы деректер бойынша, жаңа жыл басталғалы елдің 23 провинциясында ауа температурасы күрт төмендеп, талай ауданды қалың қар басып қалған. Қазір көшелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу